АGROVIТ GROUP компаниясы - өз жұмысын көп жылдық тәжірибемен, өнім өндірісіне деген кәсіби жолмен, аграрлық өкілдерге білікті кеңес берумен, нақты құрылған логистикамен және клиенттермен өзара тиімді серіктестік арқылы жүзеге асыратын кәсіпқойлар командасы.

 

Біз NANOVIT тыңайтқышының кең желісінің көмегі арқылы ауылшаруашылық дақылдарының тыңайтқыш жүйесін тиімді теңгере аламыз, әртүрлі күйзелістер мәселесін оперативтік түрде шешеміз, жоспарланған астық өнімділігіне байланысты өсімдіктерді қоректендіру элементтерімен қамтамасыз етеміз, вегетацияның қиын кезеңінде фитогормондардың дисбалансы және өсу мен даму кезінде қоректену элементтерінің тапшылығы пайда болу мәселелерін шешеміз.

Егістіктерді NANOVIT тыңайтқыштарымен бүрку өсу процесінің көп векторлық ынталандыруын, өсімдіктердегі күйзеліске қарсы механизмді белсендіруді, өсу процесін басқару мен вегетациялау кезеңінде өсімдіктің дамуын және сәйкесінше жақсартылған сапалық көрсеткіштері мен минималдық шығындары бар жоғары түсім алуды қамтамасыз етеді.

 

Тыңайтқыштарды әртүрлі ауылшаруашылық дақылдарда тәжірибелік қолданудың алдыңғы тәжірибесі оларды енгізу жолына тәуелсіз тамырдан тыс жемдеудің жоғары тиімділігін куәландырады.

NANOVIT тыңайтқыштарын ауылшаруашылық дақылдарын егуде қолданудың біз әзірлеген технологиялық схемалары оларды жерүстілік бүріккіштерді, ұшақтар мен тікұшақтарды пайдалану арқылы техникалық құралдардың әртүрлі түрлерінің көмегі арқылы енгізуді қарастырады. Бұл жерде жұмыс ерітіндісін енгізудің нормасы техникалық құралдың түріне байланысты 25-200 л/га құрауы мүмкін.

 

Тыңайтқыштар қолдануда әмбебап, химиялық және биологиялық препараттардың көптеген түрлерімен үйлеседі, өз кезегінде өсімдіктерді қорғау құралдарының әрекетін күшейтеді. Булануға және өсімдіңтен бөлінетін дымқылдыққа деген тұрақтылықпен сипатталады. Оларды бір бактық ерітіндіде ортақ қолдануға қатысты кеңестер мен нұсқаулықтарды сақтаған кезде жоғары тиімділікті қамтамасыз етеді.

Технологиясы

©2016-2018 NANOVIT АGROVIТ GROUP. Барлық құқықтар қорғалған.

АGROVIТ GROUP компаниясы әзірлеген